Өзбекстан азаматы Алматыда көпірден секірмекші болған, деп хабарлайды Stan.kz.
Аталған жайт қарашаның 26-сына қараған түні Әуезов ауданында болған. Оқиға орнынан түсірілген видео @100baksoff инстаграм парақшасында шықты. Видеода көрсетілгендей, ер адамды көпір бойынан көтеріп алып, құтқарып жатыр.
Алғашқылардың бірі болып өзін өлтірмек болған азаматты Төле би Саин көшелерінің қиылысында таксист көріп қалған. Бұл ісінен бас тартуға көндіріп жатып, 102 хабарласқан. Полицияға хабар таңғы төртте келіп түскен.
«Біреу суицидке барған адамды райынан қайтарып жатқан кезде полиция қызметкерлері жол бойын қошауға алды. Біраз уақыт өткен соң азаматты күшпен көпірден алып, құтқарылды. Әуезов ауданының полиция басқармасы мәселенің мән-жайын анықтау барысында өзіне қол жұмсамақ болған азамат өзбекстандық екендігі белгілі болды», – деп мәлімдеді Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.