Екібастұзда пойызға соғылған жүк көлігінің жүргізушісі қайтыс болды

дереккөз
дереккөз
Қайғылы оқиға 24 қаңтарда болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Екібастұзда ТЖ электровозына соғылған жүк көтеру көлігінің жүргізушісі қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Павлодар облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 24 қаңтарда болған.

«Сағат 17:10 шамасында Екібастұз қаласы Лесхоз ауылындағы Екібастұз-Северный теміржол учаскесінің аумағында күзетсіз басқарылатын, шлагбаумы жоқ №7 пикет теміржол қиылысында жүк көтеру көлігінің 49 жастағы жүргізушісі құрамында 60 вагоны бар ТЖ электровозымен соқтығысқан. Жол-көлік апаты салдарынан жүк көтеру көлігінің жүргізушісі оқиға орында қаза болды», - делінген хабарламада.

Полиция аталған дерек бойынша тексеріс жүргізіліп жатқанын айтты. Жүк көтеру көлігі әкімдіктің арнайы автотұрағына, ал электрлі көлігі депоға қойылды.

Новости партнеров