Оралда көпқабатты үй өртенді
Жызыл жалын 20 шаршы метрді шарпыған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Оралда көпқабатты үйден өрт шықты, деп хабарлайды «Мой ГОРОД» басылымы.
Басылымның мәліметінше, өрт 14 наурыз күні сағат 07:00-де «Айгүл» базарының маңында орын алған.
«Төрт қабатты үйдің шатыры өртенді. Өрт сағат 8.10-да толықтай сөндірілді. Жызыл жалын 20 шаршы метрді шарпыған. Қазіргі таңда өрттің неден шыққаны анықталып жатыр», - деді БҚО ТЖД Өрт қауіпсіздігі және өрттің алдын алу басқармасының басшысы Ерлан Төрегелдиев.
Қызыл жалынды ауыздықтауға 11 өртсөндіруші мен үш техника жұмылдырылды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
22.10.2026 08:10
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
23.10.2026 08:10
Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директорын қабылдады
22.10.2026 14:32
Алматының вайбы күзге арналған: тұрғындар қала туралы не дейді
22.10.2026 21:41