|
12.10.2020 | 12:08
1021

БҚО тұрғыны 632 дана киік мүйізімен қолға түсті

Күдікті уақытша оқшаулау изоляторына қамалды

БҚО тұрғыны 632 дана киік мүйізімен қолға түсті inform.kz

Оралда облыс тұрғыны 632 дана киік мүйізімен қолға түсті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібеков мәлім еткендей, оқиға 10 қазан күні шамамен сағат 16.30-да Зачаган кентіндегі С.Айтқұлов көшесінде болған. 

Жедел іздестіру шаралары барысында Қазталов ауданының 31 жастағы тұрғыны айдап келе жатқан «Nissan Maxima» автокөлігі тоқтатылды. 

Тексерген кезде автокөлік салонынан 632 дана киік мүйізі табылды. 

Қазіргі кезде ҚР ҚК 339-бабы 1-бөлігіне (өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 

Күдікті уақытша оқшаулау изоляторына қамалды. Ол 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир