Түркістан облысының полицейі базардан үш жасар қызды тауып, ата-анасына қайтарды, деп хабарлайды Polisia.kz.
27 мамыр шамамен таңғы сағат 10.30-да Сарыағаш қаласындағы орталық базарлардың бірінде Сарыағаш АПБ ЖПҚ ювеналдық полиция тобының учаскелік инспекторы Майра Елемесова жалғыз өзі адасып, жылап жүрген кішкентай қызды байқаған. Полицей үш жасар қыздан оның ата-анасы қайда екенін сұрай бастайды, содан кейін адасқан қызмен бірге оларды іздеуге шықты.
Шұғыл іс-шаралар нәтижесінде, жарты сағат ішінде ювеналды полиция инспекторы М. Елемесова қыздың анасын тауып, оған өзінен адасып қалған баласын табыстады.
«Көпбалалы ананың айтуынша, ол банкоматтан ақша алу үшін балаларымен бірге базарға келген. Әйел кішкентайын үлкен балаларына тапсырып кетеді, бірақ қайтып келгенінде, кішкентай қызы жоқ екенін көреді. Содан әйел жоғалып кеткен қызды базардан, оған жақын көшелерден іздей бастайды. Жарты сағат ішінде қызды полицей М. Елемесова тауып, өзіне аман-сау күйінде қайтарды», - делінген хабарламада.
Бұған дейін жоғалған тағы үш баланы Мақтаарал аудандық полиция бөлімшесінің полицейлері тауып, үйіне қайтарған болатын. 25 мамырда полиция бөліміне Атакент ауылының екі тұрғыны келіп, үйден шығып кеткен балалары жоғалып кеткенін хабарлаған.
Бірнеше сағат бойы жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Мақтаарал аудандық Полиция бөлімшесінің полиция қызметкерлері жоғалып кеткен үш ұлды тауып, ата-анасына қайтарып берді. Анықталғандай, жасөспірімдер Атакент ауылы көшелерінің біріне қыдырып шығып, кеш батып, күн қараңғы болған кезде жергілікті мешітке қонған. Ал келесі күні күндіз ауылда ойнап жүрген оларды полиция қызметкерлері тауып, үйлеріне қайтарды.
Табылған жасөспірімдердің анасы балаларын тауып бергені үшін полицейлерге алғысын білдірді.