«Астана LRT»-ның бұрынғы жетекшісі Талғат Арданға халықаралық іздеу жарияланды

Zakon.kz
Zakon.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев осыған дейін LRT құрылысының мәселесін қатаң сынға алып, біржола аяқтауды тапсырған болатын
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бұл туралы бүгін үкіметте өткен брифингте компания басшысы Бекмырза Игенбердинов мәлімдеді. Ал Нұр-Сұлтан қаласында LRT салуға қанша қаражат жұмсалатынын шаһар әкім Алтай Көлгінов айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Биыл баспана бойынша жаңа мемлекеттік бағдарлама қабылданады. Премьер-Министр Асқар Мамин аталған жоба аясында 600 мыңнан астам отбасын пәтермен қамтуды көздейтіндерін айтты.

«Мемлекет басшысы барлық тұрғын үй бағдарламаларын біртұтас тұрғын үй саясатына біріктіруді тапсырды. Сондықтан биыл 2025 жылға дейінгі жаңа «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы қабылданады, оның аясында 650 мыңға жуық отбасы немесе 2 миллионнан астам адам жаңа тұрғын үймен қамтамасыз етіледі», – деді ҚР Премьер-министрі Асқар МАМИН.

Асқар Мамин Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, қыркүйекте тиісті қаулы жобасын Үкіметке енгізуді жүктеді. Бұдан бөлек, Үкімет басшысы жыл сайын аз қамтылған 6 мың отбасы мен 3 мың жұмыс істейтін жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету міндеттемесі бар екенін ескертті. Алайда, кей өңірлерде үйлер салынғанымен, инфрақұрылымдық жүйелер тартылмаған деді. Осы ретте өңір басшыларына тиісті жоба-сметалық құжаттаманы әзірлеуді тапсырды. Ал үкімет отырысынан кейін болған брифингте «Астана LRT» компаниясының бұрынғы басқарма төрағасы Талғат Арданға халықаралық іздеу жарияланғаны айтылды. Анықталғаны, экс басшыға қатысты сот сырттай шешім шығарған. Қазір осы мәселемен Интерпол айналысып жатыр.  

«Астана LRT» ЖШС бұрынғы басқарма басшысына Талғат Арданға қатысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің тергеушілері қылмыстық іс қозғады. Соттың сырттай шешімі бар. Оған халықаралық іздеу жарияланған. Тергеу амалдары жүріп жатқандықтан, өзге ақараттарды жариялай алмаймыз», – деді  «Астана Lrt» ЖШС басқарма төрағасы Бекмырза ИГЕНБЕРДИНОВ

Ал, LRT жобасы аясында ендігі атқарылатын жұмыстармен елорда әкімі Алтай Көлгінов таныстырды. Үкімет тарапынан Қытай даму банкінің қарызынан бас тарту бойынша шешім қабылданған. Жоба қайта қаралып, пойыздар санын 19-дан 12-ге қысқарту, аялдама стансаларын азайту қарастырылып отыр.

«Жобаның бастапқы құны 1,8 миллиард доллар болған. Қытай даму банкінен қарыз алған жағдайда біз 2,6 миллиард долларды қайтаруға тиіспіз. Одан бас тарту арқылы біз 800 миллион долларды үнемдедік, бұл өте дұрыс шешім болды. Енді біз көрсеткен барлық жобаларды оңтайландыру құрылыс-монтаж жұмыстарын 350 миллион долларға төмендетуге мүмкіндік берді. Соңғы құны1,5 миллиард доллар шамасында болады», – деді Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай КӨЛГІНОВ.

Алайда, әкім бұл соманың тағы да қысқаруы мүмкін екені де айтылып қалды.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осыған дейін LRT құрылысының мәселесін қатаң сынға алып, біржола аяқтауды тапсырған болатын.

Новости партнеров