Жол ережесін сақтамаудың салдарынан бір аптада 210 апат орын алған
Ауа-райының бұзылуына байланысты ведомство жүргізушілерге тез арада қысқы немесе тікенекті шиналар орнатуға кеңес береді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Елімізде өткен аптаның өзінде 210 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 39 адам опат болған. Ал, 289 адам жарақат алған. Бұл статистика Ішкі істер министрлігін ғана емес бүкіл елді елең еткізді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Апаттардың негізгі себебі – жол тәртібін сақтамау. Көбінесе жылдамдықты арттырып жүйітку, тыйым салатын және ескертетін белгілерге назар аудармау соңы қайғылы оқиғаларға әкеп соғуда, дейді тәртіп сақшылары. Ауа-райының бұзылуына байланысты ведомство жүргізушілерге тез арада қысқы немесе тікенекті шиналар орнатуға кеңес береді. Сонымен қатар жүргіншілерге де өте мұқият болу керектігін ескертіп жатыр.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қыркүйекте қазақстандықтар қанша күн демалады
08.09.2026 18:00
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
08.09.2026 21:55
Алматыда 7-13 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
09.09.2026 09:14
Қазақстанда Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесі іске қосылды
08.09.2026 09:34