ШҚО-дағы Берел орман шаруашылығынан өрт шықты
janalyq.kz
Өртті сөндіруге 67 орманшы мен өрт сөндіруші, 6 бірлік техника жұмылдырылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
2023 жылғы 18 шілдеде Катонқарағай ауданында Берел орман шаруашылығының аумағында шамамен 1700 метр биіктікте түтін ошағы байқалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Оқиға орнына бірден Казавиаорман күзетінің МИ-2 тікұшағы шығып, орманшылар мен өрт сөндірушілерді жеткізді. Әуеден барлау нәтижесінде шамамен 2,5 гектар аумақта жалғыз өскен ағаштар өртеніп жатқаны байқалды. Елдімекендерге қауіп төніп тұрған жоқ.
Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысы Әуе-десанттық дивизиясының МИ-8 тікұшағы өрт орнына десанттарды жеткізу жұмыстарын жүргізуде.
Өртті сөндіруге 67 орманшы мен өрт сөндіруші, 6 бірлік техника, «Қазавиаорманкүзеті» ММ МИ-2 және ШҚО авиациялық бөлімшесінің МИ-8 тікұшақтары жұмылдырылды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
02.11.2026 08:11
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33
Суыққа аллергия деген не және одан қалай сақтануға болады
01.11.2026 10:52