Алматы-Қостанай бағытындағы әуе рейсінде 70 жастағы ер адам қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
«9 қыркүйекте сағат 17.34-те Қостанай станциясындағы желілік полиция бөліміне Алматы-Қостанай бағытындағы әуе рейсінде 70 жастағы ер адам кенеттен көз жұмды деген хабарлама келіп түсті. Өлімнің алдын ала себебі - созылмалы ауру», – деді ІІМ көліктегі полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ләззат Қасымжанова.
Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Осы дерек бойынша тергеу басталды.
«ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат таратылмайды», – деді ведомство өкілі.
Fly Arystan әуе компаниясы ақпаратты растады.
«Расында да осындай жағдай болды. Жолаушы 70 жаста еді. Рейс кешігіп ұшып кетті», – деді әуе компаниясының баспасөз қызметінің өкілі Ләззат Нәбиева.