|
Jol
05.09.2024 | 12:15
587

Алматыда Рысқұлов даңғылындағы жолайырыққа бұрылатын жолдар жабылады

Маршрутыңызды алдын ала жоспарлаған жөн

Алматыда Рысқұлов даңғылындағы жолайырыққа бұрылатын жолдар жабылады elements.envato.com

Рысқұлов-Жансүгіров жолайырығының учаскелеріне орташа жөндеу жүргізуге байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Almaty.tv.

5 қыркүйек сағат 23:00-ден 7 қыркүйек сағат 11:00-ге дейін Рысқұлов даңғылынан Жансүгіров көшесіне дейінгі оңтүстікке бұрылыс пен Жансүгіров көшесінен Рысқұлов даңғылына дейінгі солтүстікке бұрылатын жолда қозғалыс жабылады.

Жөнделетін аумақта ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс нөмірі жазылған стендтер қойылады. Маршрутыңызды алдын ала жоспарлап алуыңызды сұраймыз.

Естеріңізге сала кетейік, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram арнасында, аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS пен «Яндекс карталар» сервистерінде жазылған.

Оқи отырыңыз: Құлжа трактін қайта жаңарту жұмыстары қашан аяқталады

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир