Елордада барлық коммуналдық кәсіпорындар күшейтілген жұмыс режиміне қызмет жасауда. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Ернат Бәзіл мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Құрметті Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары! Коронавирус пандемиясына Төтенше жағдай жариялануына байланысты және Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарының арасында коронавирустық инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында Нұр-Сұлтан қаласының отын энергетика кешені және коммуналдық шаруашылығы басқармасымен келесідей шаралар өткізіледі. Нұсқау, хабарлау және коммуналдық кәсіпорындарда штабтық оқу-жаттығу шаралары өткізілді. Төрт ауданды жылумен жабдықтау, электр, сумен және газбен жабдықтау желілері авариялық жағдайларды жоюға авариялық бригадалар арнайы техникалық және персоналды тәулік бойынша кезекшілік ұйымдастырылды», – деді Нұр-сұлтан қаласы Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Ернат БӘЗІЛ.
Төтенше жағдай кезінде қаланы үздіксіз энергиямен жабдықтау бойынша кәсіпорын басшыларының қатарынан жауапты тұлғалар тағайындалғаны анықталды. Барлық коммуналдық кәсіпорындар штаттық қалыптан күшейтілген жұмыс режиміне көшкен. Коммуналдық кәсіпорындардың барлығында жеке қабылдаулар тоқтатылып, олар онлайн режимге өткен. Қабылдау интернет арқылы, телефон арқылы 24 сағат бойы ұйымдастырылатын болады.