Әйелдерді ұрып-соғуды қолдаған оқытушы жұмыстан шығарылды
Фото: inform.kz
Еуразия ұлттық университетінің оқытушысы өзін «исламист, ұлтшыл, жидофобпын» деп атаған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті әйелдерді ұрып-соғу туралы атышулы пікір жазған оқытушыны жұмыстан шығарды, деп хабарлайды Almaty.tv ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Бұған дейін әлеуметтік желіде Е. Сүлейменов есімді қолданушы әйелдерді ұру керектігін жазып, өзін исламист, ұлтшыл, жидофоб деп атаған. Кейінірек оның Еуразия ұлттық университетінің оқытушысы екені анықталды.
«Университет Е. Сүлейменовке қатысты тексеру жұмыстарын қорытындылады. Этика жөніндегі комиссия оның іс-әрекетін жалпыадамзаттық әдеп нормаларына сай келмейді деп бағалады. Аталған комиссия ұсынымымен Е. Сүлейменовпен еңбек келісімшартын бұзу туралы ректор бұйрығы шықты», - деп жазды ЕҰУ баспасөз қызметі.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33