Бала ата-анасының қадағалауынсыз жүрген
Шымкентте субұрқақта шомылған 10 жастағы бала мерт болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға кеше кешкісін болды. Н.Назарбаев даңғылында орналасқан субұрқаққа суға түскен 10 жастағы жеткіншек оқиға орнында жан тапсырды. Бұл туралы сағат 19:30 шамасында Төтенше жағдайлар департаментінің дағдарыс жағдайларды басқару басқармасына хабарлама түскен.
«Бала ата-анасының қадағалауынсыз жүрген. Қазір Полиция департаменті сот-медициналық сараптама тағайындады», - делінген Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы таратқан ақпаратта.
Жалпы Шымкент қаласы аумағында суда жаппай демалу, туризм және спортпен шұғылдану үшін 5 ресми орын белгіленген. Оның ішінде үшеуіне шомылуға рұқсат етілген. Ал қала аумағында жалпы 32 фонтан бар. Оның 25-і жұмыс істеп тұр.
Оқи отырыңыз: БҚО-да жылқы мен жеңіл көлік соқтығысып, бір адам қаза болды