Оралда басқарма басшысының орынбасары өз кабинетінде асылып қалды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Оралда облыстық кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының қызметтік кабинетінен ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға кеше болған. Шамамен сағат 21.00-де департаменттің кезекші бөліміне басқарма басшысының орынбасары Хасен Тоясовтың денесі табылғаны жөнінде хабар түскен. Алдын ала мәлімет бойынша, ол асылып қалған.
«Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.
БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, марқұмның денесін күзетшілер басшының демалатын бөлмесінен тауып алған.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
22.10.2026 08:10
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
23.10.2026 08:10
Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директорын қабылдады
22.10.2026 14:32
Алматының вайбы күзге арналған: тұрғындар қала туралы не дейді
22.10.2026 21:41