Түркістан облысында жоғалып кеткен 14 жастағы қыз табылды

Түркістан облысында жоғалып кеткен 14 жастағы қыз табылды
Полицей қызметкерлерлері қызды ата-анасына табыстады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Түркістан облысында  із-түзсіз жоғалып кеткен 14 жастағы қыз табылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жоғалған қызды іздестіруге Ордабасы АПБ-нің толық құрамы, оның ішінде кезекші полицейлер, учаскелік инспекторлар және жедел-іздестіру қызметкерлері жұмылдырылған. Ордабасы аудандық полицей қызметкерлерлері шұғыл іздестіру шараларын жүргізуінің нәтижесінде, жоғалған қыз табылып, ата-аналарына қайтарылды», - дейді хабарламада.

Қазіргі таңда полицейлер болған оқиғаның мән-жайын анықтау үстінде.    

Айта кетейік, Түркістан облысының полицейлері ата-аналарға өз балаларын қараусыз қалдырмай, қырағы болуға кеңес береді. Ал егер бала жоғалған жағдайда, міндетті түрде  «102» жедел телефоны арқылы полицияның көмегіне жүгіну керектігін ескертеді.

Новости партнеров