Cуға кеткен мал-мүліктің шығыны қалай өтеледі

Almaty.tv
Almaty.tv

Бұл туралы ҚР АШМ ресми өкілі Олжас Тілебалдин айтып берді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Су басу өңірлерінде қабылданып жатқан шаралар нәтижесінде 60 мыңнан астам ауыл шаруашылығы жануарлары қауіпсіз учаскелерге көшірілді. Оның ішінде: Ақмола облысы – 18,8 мың бас, Қостанай облысы – 12,9 мың бас, Ақтөбе және Атырау облыстарында – 10 мың бастан көп, БҚО – 4,5 мың бас, Қарағанды облысы – 1,5 мың бас. Бұл туралы ҚР АШМ ресми өкілі Олжас Тілебалдин ОКҚ алаңында мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жедел деректер бойынша еліміздің 7 өңірінде су тасқыны салдарынан 5 711 бас мал өлді. Оның ішінде ірі қара – 1 137, ұсақ мал – 4 051, жылқы – 457 және басқа да ауыл шаруашылығы жануарлары бар.

«Алғашқы күндерден бастап, су басқан аумақтардағы эпизоотиялық жағдайдың нашарлауына жол бермеу мақсатында министрліктің Республикалық эпизоотияға қарсы отряды облыс әкімдіктерімен бірлесіп, жануарлар өлекселерін жинау және жою жұмыстарын жүргізуде. Жалпы іс-шараларды жүргізу үшін тиісті 90 бірлік техника, қызметкерлер штаты және жою шаралары үшін қажетті дезинфекциялық заттар бар. Бүгінгі таңда 1013 бас мал, соның ішінде 133 ірі қара, 809 бас ұсақ мал және 64 жылқы өлексесі өртеліп, жойылды»,- деді спикер.

Ал қазіргі уақытта АШМ құрылымдық бөлімшелері ауыл шаруашылығы бағытында жұмысты үйлестіру үшін су тасқынынан зардап шеккен аймақтарда жүр. Ауыл шаруашылығы жануарларының иелеріне өтемақы төлеу алгоритмі әзірленді, ол халыққа және залал анықтау жөніндегі комиссияның назарына жеткізілді.

Оқи отырыңыз: Алматы қаласы Атырау облысына гуманитарлық көмек жіберді

Новости партнеров