Алматыда салынып жатқан тұрғын үй кешені өртенді

стоп-кадр
стоп-кадр
21 маусым күні таңғы сағат 09:46 шамасында Әуезов ауданында болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда Саин мен Шаляпин көшелерінің қиылысында салынып жатқан ғимараттың жабыны өртенді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 21 маусым күні таңғы сағат 09:46 шамасында Әуезов ауданындағы «Астана» ықшамауданы, 1/10 мекенжайы бойынша жоғары дәрежелі өрт сөндіру бөлімшелері шықты. 

«Өрт сөндіру бригадасы оқиға орнына төрт минутта жетті. Олар салынып жатқан ғимараттың жабыны өртеніп жатқанын анықтады, қазір таралу қаупі жоқ. 10 минуттың ішінде өрт оқшауланып, 10:09-да сөндірілді. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ»,- Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. 


«Жұмысқа келгем есікті ашып, тірлігімді істеп жатқан кезде өрт сөндірушілердің дауысын естідім. Жүгіріп шықсам жалын тұтанып жатыр екен. Одан басқа ештеңе көре алмадым», – деді куәгер Гүлнәр Бекназарова


Төтенше жағдайлар департаменті нысан иелеріне құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.

Новости партнеров