|
08.04.2021 | 12:39
1859

Әнші Шахизада тұрмысқа шықты

Бұған дейін әнші өзінің сүйіктісі барын айтқан болатын

Әнші Шахизада тұрмысқа шықты instagram

Әнші Шахизада тұрмысқа шықты. Бұл туралы ол өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Аллаға шукір. Бүгінгі күн біз үшін ерекше бақытты күн. Махаббат жас таңдамайды. Адамның көңілі қартаймайды. Достарым, Сіздерге мың алғыс. Жақсы, таза көңіл тілектеріңізге. Бақытты болыңыздар,жақсыларым»,–деп жазды әнші парақшасында.

Шахизада жолдасының  кім екенін ашып айтпады. Бұған дейін әнші өзінің сүйіктісі барын айтқан болатын.

Айта кетейік, Шахизаданың үш немересі бар. Көп балалы ана болуды армандаған әнші бір баланы ғана өмірге әкелгенімен, келіні оған үш немере сыйлады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир