|
29.11.2023 | 12:46
872

Жаңа жылдан бастап газға көшірілген көліктерге теңбүйірлі үшбұрыш орнату міндеттеледі

Арнайы белгіні орнатпаған жүргізушілерге айыппұл салынады

Жаңа жылдан бастап газға көшірілген көліктерге теңбүйірлі үшбұрыш орнату міндеттеледі  Сурет: elements.envato.com

Қазақстанда 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап газбен жүретін көлік жүргізушілері арнайы белгі орнатуы қажет, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Сауда және интеграция министрлігі арнайы белгі болмаса, қандай көлемде айыппұл болатынын  түсіндірді.

 - Таңба газ жабдығымен жабдықталған автокөліктерге міндетті болғандықтан, ҚР ӘҚБтК-нің 620-бабына сай 3 АЕК (10 350 теңге) көлемінде айыппұл қарастырылған, - делінген ведомство хабарламасында.

Газ жабдығы бар көліктерге ерекше белгі – қара жиегі бар сары теңбүйірлі үшбұрыш. Онда "GAS" деп жазылған, леп белгісі қойылған.

Сонымен қатар бұл белгі автокөлік жабық тұрақтарға кіргенде, белгі оңай көрінетін және танылатындай етіп орнатылуы керек.

Бүгінде Қазақстанда 380 мыңнан астам автокөлік газбен жүреді.

Оқи отырыңыз: Алматыда жаңа велосипед жолағы пайда болды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир