Таразда 5 қабатты үй өртеніп, 100 адам эвакуацияланды. Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
"16 сәуірде сағат 03:55-те Таразда Төле би көшесі, 4-үйде 800 шаршы метр аумақта орналасқан 5 қабатты тұрғын үйдің шатыры өртенді. Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері 100 адам, оның ішінде 60 баланы баспалдақ арқылы эвакуациялады", – деді Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті.
Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінің 54 қызметкері мен 13 бірлік техника жұмылдырылды. Өрт таңғы сағат 05:12-де оқшауланып, 05:42-де сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
"Өрттен зардап шеккен тұрғындарды №10 мектепке уақытша орналастыру жөнінде шешім қабылданды. Оқиғаға байланысты құрылған комиссия шығындарды заң аясында есептейді", –деді Тараз әкімдігі.