«Тальгодағы» зорлық: Мыңбаев бас прокурорға өтініш хатын жолдады

BNews.kz
BNews.kz
Ол «Тальго» пойызының жолаушысын зорлаған жолсеріктерге қатысты жазаны ауырлатуды сұрады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«ҚТЖ» «ҰҚ» АҚ басқарма басшысы Сауат Мыңбаев бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовке жолаушыны зорлаған жолсеріктерге қатаң жаза тағайындау туралы өтініш жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Редакция жариялаған хатта Мыңбаев баспрокурорға өтініш жасаған.

Ол өткен жылдың 26 қыркүйегінде елордадан Ақтөбеге бағытталған «Тальго» пойызының жолаушысын зорлаған жолсеріктерге қатысты жазаны ауырлатуды сұрады.

«Ж. Үмбеталиев пен К. Құрманиязовқа жаза тағайындау бойынша шара қолдануды сұраймыз», - делінген хатта.

Хатта, сондай-ақ, ҚТЖ басшылығы мен қызметкерлерінің бұрынғы әріптестерін айыптағаны жайлы айтылды.

Естеріңізге сала кетейік, жолаушыға зорлық іс-әрекетін көрсеткен жолсеріктердің әрқайсысы 2,5 жылды арқалады.

Атап өтсек, бұған дейін басқарма төрағасының бірінші орынбасары Қанат Әлмағамбетов компания атынан жантүршігерлік оқиға үшін кешірім сұраған болатын.

Новости партнеров