|
07.02.2019 | 12:34
3254

Алматыда таңғы 5-те пәтер тонаған ұры ұсталды

У задержанного рецидивиста полицейские изъяли украденную сумку и нож, которым он угрожал потерпевшим

Алматыда таңғы 5-те пәтер тонаған ұры ұсталды

Алматы полициясы түн ішінде пәтер тонаған ұрыны ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалық Полиция департаменті хабарлағандай, 40 жастағы ер адам таңғы сағат 5-тер шамасында М.Мақатаев көшесінде орналасқан үйлердегі пәтердің  біріне ұрлыққа түскен. Бұл уақытта үй иелері ұйықтап жатқан.

«Таңғы 5-те пәтер иелері көмекке шақырған айғайды естіген. Бірақ, алыстан құмығып естілген дауысқа мән бермей ұйықтай берген. Бір уақытта балалар бөлмесіне бетперде киген ер адам кіріп келген. Әйелдің сөмкесін ала сап қаша жөнелген. Қашқан бойы ас үйдің терезесінен кіреберістің шатырына секіріп түскен. Сосын шатырдан асықпай түсіп, бетпердесін шешіп ары қарай алыстап кеткен», - деді полицияның баспасөз қызметінен.

Бірнеше минут ішінде жеткен полиция қызметкерлері  аулалардың бірінен күдіктіні байқаған. Ер адам әйелдің сөмкесін ақтарып отырған жерінен ұсталды. Тінту кезінде одан бетперде, пышақ, әйел адамның сөмкесі табылды. Күдікті Алмалы аудандық ПБ-ға жеткізілді.

«Аталған дерекке байланысты ҚР ҚК 191-бабының 2-бөлімімен қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған адамның кім екендігі де анықталды. Алматы облысының тумасы бұрын да осыған ұқсас бірнеше рет істі болған. Сонымен қатар, пәтерде тұратын отағасының туысы түн ішінде біреудің жүргенін сезіп бөлмеден шыққан кезде ұрыны көрген. Ұры оған пышағын көрсетіп, қорқытқан. Содан ер адам әжетханаға тығылып қалған. Ол іштен айғайлап туыстарын оятпақ болған», - деді полицейлер.  


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

домушник
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир