Алматы полициясы қалта ұрыларының суретін жариялады (фото)
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматы полициясы төрт қалта ұрыларының суретін жариялады. Тәртіп сақшылары олардың барлығы ұрлық кезінде ұсталғандарын жеткізді, деп хабарлайды қалалық ПД-нің баспасөз қызметі.
Суреттегі ер азаматтардың жасы 20 мен 38-дің арасын құрайды. Әрқайсысы бірнеше қалта ұрлығымен ұсталғандар
Олар қоғамдық орындарда жемтігін іздеп, ыңғайлы сәтті пайдалана отырып, бағалы заттарды қолды қылған.
Криминальды полиция басқармасының басшысы Есен Ысқақов қалта ұрысы ұрлық кезінде жәбірленушінің көз алдында болмайтындығын атап өтті.
«Осыған байланысты, мегаполис тұрғындары қалта ұрыларының түрін біліп жүргені маңызды. Бұл суретке жақсылап қараңыздар, осылардың біреуі сізбен бірге автобуста кетіп бара жатпасына кім кепіл», - деді ол.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 21-27 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
21.09.2026 08:12
Қайтыс болған адамның несиесін туыстары өтеуге міндетті ме
21.09.2026 21:29
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
21.09.2026 10:32
Күзгі шай: денсаулық пен көңіл күйді көтеру жолы
20.09.2026 16:00
Мың жылдық тарихы бар Алматы жайлы қызықты деректер
20.09.2026 10:53