|
14.06.2019 | 13:07
11869

Алматыда шетелдіктермен «демалатын» 23 жеңіл жүрісті қыз ұсталды (ФОТО)

Көңіл көтеру орнын тексеру барысында Оңтүстік Кореядан келген 15 «клиент» анықталған

Алматыда шетелдіктермен «демалатын» 23 жеңіл жүрісті қыз ұсталды (ФОТО) NUR.KZ

«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық шарасының барасында Бостандық ауданының полиция қызметкерлері 23 жеңіл жүрісті қыз «еңбек» еткен караоке-барды анықтады, деп хабарлайды ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, көңіл көтеру орнын тексеру барысында Оңтүстік Кореядан келген 15 «клиент» анықталған.

«Бұл көңіл көтеру орны жайлы бұрыннан белгілі болатын. Оның иелері өзгергенмен, қызметтік бағыты баз-баяғы қалпында қала берген. Ұсталғандар полиция бөлімшесіне жеткізілді. Жеңіл жүрісті қыздарға қатысты ҚР ӘҚБк 449-бабы бойынша әкімшілік жаза туралы хаттама толтырылды. Ал шетелдіктер көші-қон заңнамасына сәйкес тексеріледі. Қазіргі таңда караоке-бардың нақты иесі кім екені анықталып жатыр. Ол азамат заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады», - деді Бостандық аудандық Полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Дәурен Өтебаев.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир