Нұр-Сұлтанда үш жасар қыздың өліміне өгей әкесі кінәлі болуы мүмкін
Ол «өлімге әкеп соғатын денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабы бойынша айыпталуда
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Нұр-Сұлтан қаласындағы ауруханада қайтыс болған қыздың өліміне өгей әкесі кінәлі болуы мүмкін. Бұл туралы елорданың полиция департаменті мәлімдеді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Ол «өлімге әкеп соғатын денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабы бойынша айыпталуда. Сотқа дейінгі тергеп тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Еске сала кетейік, 8 маусымда Нұр-сұлтан қаласының ауруханасына 3 жасар қыз шала жансар күйде түскен болатын. Түрлі дене жарақаттарын алған бүлдіршінді дәрігерлер аман алып қала алмады.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
05.11.2026 08:10
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
04.11.2026 08:11
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
04.11.2026 18:53
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
05.11.2026 08:43