Елордада мас жүргізушінің кінәсінен жаппай жол апаты болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
Оқиға 19 тамыз күні сағат 02:30-да Кенесары көшесінде болған.
«Chevrolet Cobalt автокөлігінің 41 жастағы жүргізушісі рөлді басқара алмай, әр түрлі маркадағы алты автокөлікпен соқтығысқан», – деп хабарлады полиция департаменті.
Аталған факті бойынша анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Заң бұзушының көлігі коммуналдық тұраққа қойылды.
Жалпы, 2020 жылдың басынан бері Нұр-Сұлтан қаласында алкогольдік ішімдік ішкен жүргізушілер 86 жол апатын жасаған.
Сонымен бірге полицейлер 356 мас жүргізушіні ұстады. Олар жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айырылып, әкімшілік қамауға алынды.
Егер сіз мас күйде көлік жүргізу фактісіне куә болсаңыз, мына телефондар арқылы хабарласа аласыз: 102, 71-65-12.