Теміртауда жеңіл көлік төрт адамды қағып кеткен
стопкадр видео «Казинформ».
Бір адам ауруханаға жеткізілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Теміртауда жеңіл көлік жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан төрт адамды қағып кетті. Бір адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оқиға 31 желтоқсанда сағат 19:20-да болған. «ВАЗ 2114» автокөлігінің 23 жастағы жүргізушісі Абай көшесімен Б. Момышұлы даңғылына қарай жүріп бара жатып, жаяу жүргіншілер өткелінде төрт адамды қағып кеткен.
«Апат салдарынан 54 жастағы жаяу жүргінші медициналық мекемеге жеткізілді.
Факт полицияда тіркелді және тиісті сараптамалар тағайындалды ,олардың нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.
Қалған үш адам медициналық көмектен бас тартқан.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
21.10.2026 08:10
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
22.10.2026 08:10
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
22.10.2026 08:30
Қарт ата-анаңыздың үйіндегі қауіпсіздікті тексеріп тұрыңыз - ТЖМ
21.10.2026 17:43