Павлодарда зейнеткер үш жаяу жүргіншіні қағып кетті

news.myseldon,com
news.myseldon,com
ЖКО нәтижесінде 33 және 28 жастағы екі ағайынды қайтыс болды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Павлодарда зейнеткер үш жаяу жүргіншіні қағып кетті. Оқиға 8 шілде күні сағат 00:20-да Павлодар – Екібастұз тас жолындағы Ленин кенті маңында жол апаты болды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы облыстық Полиция департаменті мәлім етті.

«Lifan автокөлігінің 1946 жылғы жүргізушісі Mercedes-Benz жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан жаяу жүргіншіні қағып кетті. ЖКО нәтижесінде 33 және 28 жастағы екі ағайынды қайтыс болды. Олардың бірі ЖКО орнында, екіншісі ауруханаға барар жолда көз жұмды», – деп хабарлады ведомствода.

Полиция департаменті хабарлағандай, үшінші жаяу жүргінші – қайтыс болған ағайынды ұлдардың әкесі түрлі жарақаттармен №1 қалалық ауруханаға жатқызылған.

Аталмыш факті бойынша ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі (көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Жүргізушіден қаладан шықпау туралы қолхат алынды. Автокөлік айып тұрағына қойылды.  

Новости партнеров