Комада жатыр: Алматыда 2 жасар баланы өгей әкесі аяусыз ұрып-соққан

news.pn
news.pn
Бұған дейін екі рет істі болған азаматтың ісін құзырылылар қарап жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда екі жасар баланы өгей әкесі өлімші етіп ұрып-соғып, комадан бірақ шығарды 1985 жылғы азамат баланың шешесімен азаматтық некеде тұрған. Анасы үйде болмаған кезде көрсеткен қорлығын басында жасырмақ болған. Кейіннен, жүргізілген тергеу барысында   толық мойындаған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Айуандыққа барған азамат, бала мазасызданып жылай бастаған да, оны жұбата алмағандықтан жұдырық алып жүгірген айтқан.  Айта кетейік,Отбасы Алматы облысынан Алматыдағы Алатау ауданындағы Көкқайнар шағын ауынданына бір ай бұрын көшіп келіп, пәтер жалдап тұрған. Қазір баланың нағашы жұрты оқиға орнына жиналып, болған жайттан әлі есеңгіреп тұр. Тілшілер тобымен тілдескілері жоқ екенін бірден айтыпты. Ал бұған дейін де екі рет істі болған азаматтың, ісін құзырылылар қарап жатыр

«Алатау аудандық ІІБ қызметкерлері 1985 жылы туылған К. есімді Алматы облысының азаматын құрықтаған болатын. Ол өзінің өгей баласын соққыға жыққан, қазір бала ауыр халде ауруханада жатыр. ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, бұл азаматқа сот алды тергеу амалдары басталып кетті. Басында бала жүгіріп жүріп өзі құлап қалды деген желеумен ауруханаға алып келген болатын. Бірақ оның сөздеріне күмәнданып қалдық. Соңынан өз кәнісін толығымен мойындады. Яғни, баланың жылағанына шыдамай,  соққыға жыққан. Бұл кезде баланың анасы жұмыста болған. Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасы үстінде», – деді Алматы ПД ресми өкілі Салтанат ӘЗІРБЕК.

Ес-түсінен айырылған бүлдіршін кеше күндізгі сағат 16.00-де ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер жағдайы өте ауыр деп дейді.  

«Баланың жағдайы өте ауыр. Өміріне қауіп төніп тұр. Ауыр қосарланған жарақат. Миы шайқалып,. қан ұйып қалған. Өкпе қуысында және де денесінде көгерген жарақаттар бар», – деді Алматы қалалық №1 балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Дінмұхамед РУЗУДДИНОВ.


Новости партнеров