|
Jol
26.02.2019 | 12:47
1612

Қытайдан Қазақстанға заңсыз балық тасымалдаған қырғызстандық ұсталды

Тауар актіленіп Қордай аудандық малдәрігерлік бөліміне тапсырылды

Қытайдан Қазақстанға заңсыз балық тасымалдаған қырғызстандық ұсталды

Қытайда ысталған 1500 кг «судак» балығын алып кірмек болған қырғызстандық ұсталды, деп хабарлайды Baq.kz ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Кеше кешкілік Қордай шекара отрядының «Қордай-авто» өткізу бөлімшесінде шекарашылар «Мерседес-бенц» автокөлігімен біздің елімізге кірмекші болған, 1982 жылы туған Қырғыз Республикасы азаматын ұстады. Ол өзімен бірге ешқандай рұқсат құжаттарынсыз 150 қорапқа салынған, Қытайда ысталған, жалпы салмағы 1500 кг болатын «судак» балығын алып кірмек болған», делінген хабарламада.

Тауар актіленіп Қордай аудандық малдәрігерлік бөліміне тапсырылды.

Балық демекші... өткен демалыс күндері Жағалау күзеті Өңірлік басқармасына қарасты Атырау шекара отрядының «Евразия» шекара заставасы аумағында орналасқан Дамба елдімекенінің маңынан шекарашылар екі бірдей үшдөңгелекті «Урал» мотоциклін тауып алған.

«Шекарашылардың жақындап қалғанын телефон арқылы естіді ме екен, «отарбалардың» иелері ұшты-күйлі «ғайып» болып үлгеріпті. Олардың қауырт қашуына себеп болған, мотоциклдердің «бесіктеріне» толтырылған, еліміздің байлығының бірі - бағалы балықтар болып шықты. Жалпы салмағы - 150 кг төңірегінде», делінген баспасөз хабарламасында.

Табылған көлік құралдары мен балықтар актіленіп, Атырау облысы бойынша орман шаруашылығы және жануарлар әлемін қорғау орындарының қызметкерлеріне тапсырылған болатын.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир