|
20.02.2019 | 11:48
4614

Сұлтанов Астанадағы ашық жатқан кәріздер жайында: «Тиісті шаралар қабылдаймыз»

Бақыт Сұлтанов қала тұрғындарын ашық қалған кәріздер жайлы уақытында хабарлап тұруға шақырды

Сұлтанов Астанадағы ашық жатқан кәріздер жайында: «Тиісті шаралар қабылдаймыз» Tengrinews

Астана әкімі Бахыт Сұлтанов қаладағы ашық жатқанкәріздер мәселесі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Камералардың арқасында біз кәріз мәселесін байқайтын болдық. Ауыр жағдай, адам өліміне алып келген жағдайлар болғанын білесіздер. Кеше ғана баланы құдықтан тапты. Біз осы желілерді салған және оларды ашық қалдырғандарға түрлі шаралар қолданамыз. Коммуналдық қызмет өкілдерінен күн сайын оларды аралап шығуын сұраймыз», – деді Сұлтанов халыққа есеп беру кездесуінде.

Әкімнің айтуынша, күзден бастап Астанада мыңдаған ашық жатқан кәріздер анықталған.  

«IKomek жүйесінің арқасында мен осы жағдайға белсенді атсалысып жүрген тұрғындарға ризашылығымды білдіремін. Біз мәселені анықтаған сәттен бастап, бұл құдықтарды жабуға тырысамыз. Бірақ оларды үнемі ұрлап кетіп жатады. Люкті орнатамыз, таңертең ол қайтадан жоқ. Бұл ретте, азаматтар, абай болыңыздар. Уақытылы хабарлаңыздар. Біз металл сынықтарын қабылдайтын пункттер бойынша да шаралар қолданатын боламыз», – деді Сұлтанов.

19 ақпанда түнгі сағат 23.40-та еріктілер баланың денесін беті ашық кәріз жүйелердің бірінен тауып, оны ішінен шығарып алған.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир