Бұл туралы Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары ескертті
Коронавирус пандемиясына қатысты төтенше жағдай талаптары мен карантин режимін сақтамағандар жауапкершілікке тартылады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Болат Дембаев ескертті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Атап айтқанда, карантиннен жалтару, шетелге шығу туралы мәліметтерді және байланыста болған адамдар туралы ақпаратты жасырғандар 100 мың теңгеден астам айыппұл төлейді немесе 10 тәулікке қамалады. Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының нұсқамаларын орындамағандар және санитариялық ережелер мен гигиеналық нормаларды бұзғандарға 5 млн теңгеге дейін айыппұл салынбақ. Сондай-ақ, абайсызда адамдарды жаппай жұқтыруға немесе адам өліміне әкеп соққан күдіктілерге 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Сондай-ақ, еліміздің Бас прокуроры шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпауға және арандатушылыққа берілмеуге шақырады. Ел арасынан жалған ақпарат таратқандар да жазадан тыс қалмайды.
ГРАФИКА:
Коронавирус пандемиясына қатысты заң бұзған азаматтарға әкімшілік құқықтық және қылмыстық жаза қолданылады:
– Карантиннен жалтару, шетелге шығу туралы мәліметтерді және байланыста болған адамдар туралы ақпаратты жасырғандар;
– Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының нұсқамаларын орындамағандар;
– Санитариялық ережелер мен гигиеналық нормаларды бұзғандар;
– Абайсызда адамдарды жаппай жұқтыруға немесе адам өліміне әкеп соққан күдіктілер;
– Шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратқандар және арандатушылыққа бергендер;