2 топқа бөлініп, шыңға шығуды жоспарлаған: Алматыда тауда жоғалған туристер құтқарылды

newtimes.kz
newtimes.kz
«109» қызметіне 23 шілдеде кешкі сағат 21.15-те хабар түскен
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шымбұлақ тауында жедел құтқару жасағы жоғалған туристерді тапты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.


«109» қызметіне 23 шілдеде кешкі сағат 21.15-те хабар түскен. Хабарласқан адам диспетчерге Шымбұлақ шыңына «Малая кругосветка» бағыты бойынша көтерілген 4 адамның жоғалып кеткенін айтқан. Олар 2 топқа бөлініп, шыңға шығуды жоспарлаған. Алайда олар белгіленген уақытта кездеспеген.

«Туристерді іздеуге жедел құтқару жасағы жіберілді. Құрамында 4 адам болды. Олар Шымбұлақ шыңына жаяу көтерілген. Құтқарушылар туристер жіберген теңіз деңгейінен 2900 метр биіктіктегі геолокациялық орынға жетіп, туристерді іздеуге кірісті», – дейді құтқару қызметі.

Туристер жартастағы шатқалдан табылған.

«Біз топты тексеріп, оларға медициналық көмек керек емес екенін білдік. Таудан аман-есен түскен соң жоғалған туристер ата-анасымен кездесті», – дейді құтқару қызметіндегілер.

Новости партнеров