Актриса қаза болған жол апаты: сот Ілияс Кардың мүлкін тәркіледі

Актриса қаза болған жол апаты: сот Ілияс Кардың мүлкін тәркіледі
Сот күдіктінің барлық жылжымайтын және жылжымалы мүліктерін тәркілеу туралы қаулы шығарды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алмалы ауданының соты Алматы қаласындағы үш адамның өмірін жалмаған жол апатына күдікті Ілияс Кардың барлық жылжымайтын және жылжымалы мүліктерін тәркілеу туралы қаулы шығарды, деп хабарлайды NUR.KZ  Жоғарғы сот сайтына сілтеме жасап.

Қаулыда қайтыс болған актриса Шолпан Елгезекованың ағасы Е.Р. Елгезеков материалдық және моральдық залал келтіргені үшін 14 300 000 теңге көлемінде қаражат өндіру туралы арыз жазғаны айтылған.

Бұдан бөлек, ол арызында күдікті Ильяс Кардың мүлкін тәркілеуді сұрапты.

Судья Роман Селицкий сотталушының мүлкін тәркілеу туралы қаулы шығарған.

Еске сала кетсек, жантүршігерлік жол апаты 29 желтоқсан күні таңғы уақытта Абай мен Сейфуллин көшелерінің қиылысында орын алған.

Көлік апаты салдарынан отандық актриса Шолпан Елгезек қаза тапты. Сонымен бірге, бұл қайғылы оқиға тағы екі адамның өмірін жалмады.

Кейінірек полицейлер күдіктіні тұтқындады.

2019 жылдың 12 ақпанында жол апатына қатысты сот процесі басталды.


Новости партнеров