|
20.03.2020 | 12:56
1846

Карантин кезінде өзіңізбен бірге қандай құжаттар болуы тиіс?

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары Айдос Рысбаев айтып берді

Карантин кезінде  өзіңізбен бірге қандай құжаттар болуы тиіс? Azattyq-ruqy.kz

Карантин кезінде елордаға кірген бетте өзіңізбен бірге қандай құжаттар болуы тиіс? Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары Айдос Рысбаев айтып берді, деп хабарлады Almaty.tv.

Оның сөзінше, блок бекеттерден өтерде міндетті түрде жекекуәлік болуы шарт. Тәртіп сақшысы елордада карантиннің алғашқы күні тыныш өткенін айтады. Ал кіріп-шығып жатқандар жайлы ақпаратты бір-екі минуттың ішінде планшеттің көмегімен қарап тексергенін жеткізді.

«Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу және жолын кесу бойынша шаралар қабылдады. Елордалық полицияның жеке құрамы қызмет атқарудың ерекше күн тәртібіне ауыстырылды. Полиция департаменті 22 наурыз сағат 00-де елордаға кіретін және шығатын жолдар жабық болатынын ескертеді. Көлік кептелісімен кезекте тұруда болдырмау үшін қала тұрғындары мен қонақтарына тиісті шаралар қолдануға кеңес береміз.Блок бекеттерде өздеріңізбен бірге жеке куәліктеріңізді алып жүруге кеңес береміз», – деді Қалалық полиция департаменті басшысының орынбасары Айдос РЫСБАЕВ

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир