Алматыда миллиондаған масканы қымбат бағада сатқандар ұсталды
Almaty.tv
Жалпы соммасы 191 млн теңгені құрайды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыда миллиондаған масканы қымбат бағада сатқандар ұсталды. Бұл туралы қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметі хабарлайды, деп хабарлады Almaty.tv.
Тергеу барысында қаладағы төрт нүктеде медициналық маскаларды ешқандай құжатсыз және бағасын шамадан тыс көтеріп сатқаны анықталды.
Тәртіп сақшылары 1 млн 53 мың 520 масканы тәркілеген. Жалпы соммасы 191 млн теңгені құрайды. Бүгінде тәркіленген медициналық маскалар қалалық қоғамдық денсаулық басқармасына тапсырылды. Қазіргі уақытта аталған фактілер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
04.11.2026 08:20
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
04.11.2026 08:11
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
04.11.2026 18:53