Алматыда банк тонағандарға қатысты сот үкімі шықты. 29 бен 35 жас аралығындағы 3 қарақшының қылмысты ұйымдасқан түрде іскке асырғаны дәлелденді. Бірі көлікте отырып сыртты бақыласа, екіншісі іштегі адамдарды қарумен қорқытыпты. Ал 3-ші тонаушы сейфтен қомақты қаржыны алып кеткен. Сот үкіміне сәйкес, қылмыстық топтың жетекшісі қарақшылық және алаяқтық баптары бойынша 8 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Банк тонағандардың тағы 2 сыбайласы 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Аппелляциялық соттың үкімі мен 1-ші соттағы соттың үкімі заңды деп танылып, өзгеріссіз қалдырылды. Қазіргі таңда сот үкімі заңды күшіне еніп, ұсталған азаматтар өз жазасын өтеуге жіберілді», – деді қалалық соттың баспасөз хатшысы Абай Жарылқасын.
Еске сала кетейік, оқиға 2020 жылдың 15 қазанында болды. Ресми мәлімет бойынша, қарақшылар банкке 2 миллион 400 мың теңге көлемінде материалдық залал келтірген.