Түркістан облысында жол апатынан 9 адам қаза тапты

ortalyq.kz
ortalyq.kz
Екі адам медициналық көмектен бас тартты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бәйдібек аудандық полиция бөліміне 17 шілде күні сағат 09:00 шамасында Шаян ауылы маңында жол апаты болғандығы туралы хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды Almaty.tv.

Облыстық маңызы бар Екпінді-Созақ тас жолы бойында Nissan, Toyota Camry және Volkswagen Grafter автокөліктерінің соқтығысқаны анықталды. Апат салдарынан көлік құралдары өртенген.

Нәтижесінде 9 адам қайтыс болып, 13 адам ауруханаға жеткізілді. Екі адам медициналық көмектен бас тартты.

Алдын ала мәліметтер бойынша, Nissan автокөлігі қарсы бағытқа шығып кеткен.

Оқиға орнына бірден Түркістан облысы ПД басшылығы барды.

Қазір ЖКО бойынша Бәйдібек АПБ полицейлері жұмыс жасауда. Болған оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.

Бұл факт ҚР ҚК 345-бабы бойынша СДТБТ-ға тіркелді.

Дереккөз: Polisia.kz

Новости партнеров