Павлодарда бойжеткенді тонап кеткен қылмыскер әлі табылмай жатыр
Оқиға үйдің кіре берісіндегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Павлодардық полицейлер бойжеткенді тонап кеткен қылмыскерді әлі тапқан жоқ. Көпқабатты үйдің кіреберісіндегі бейнебақылау камерасына оқиға толығымен түсіп қалған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Қыз бала енді үйге кіре бергенде, артынан бетін көрсетпеудің айласын жасаған жігіт, тап беріп, қызды тұншықтыра бастайды. Сол сәтте екеуі де кадрдан тыс қалады да, қайта көрінеді. Соңында, жігіт қыздың сөмкесін алып бара жатқанын анық көруге болады. Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, құзырлылар ұрыны әлі құрықтай алмапты.
Абырой болғанда, зардап шегушінің сөмкесінде құнды заттар болмапты.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
08.11.2026 12:50
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
09.11.2026 12:50
8 қарашаға арналған валюта бағамы
08.11.2026 09:00
Қарызды төлей алмасаңыз, берешекті реттеудің қандай жолдары бар
08.11.2026 12:39
Көзі көрмейтін мас жүргізуші тасжолмен 240 шақырым жүріп өткен
08.11.2026 11:33