Алматыда полицейлер зейнеткерді қағып кетті

Алматыда  полицейлер зейнеткерді қағып кетті
Жол апаты бүгін таңғы сағат 10-дарда Тастақ базарының маңында болды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қатты соққының салдарынан әртүрлі дене жарақатын алған егде жастағы әйел қазір ауруханада жатыр. Жол апаты бүгін таңғы сағат 10-дарда Тастақ базарының маңында болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, зейнеткер Төле би көшесінің тыйым салынған тұсынан жолды көлденеңінен кесіп өтпек болған. Сол мақсатпен ол автобустың артынан жүгіріп шығыпты. Осы сәтте өздеріне бекітілген әкімшілік аумақта міндеттерін атқарып жүрген қос полицей көлігімен оны қағып кеткен. Жаяу жүргінші ауруханаға  жеткізілді.

Сондай-ақ, жол-патрульдік полициясы қызметкерлері тап болған тағы бір жол апаты осы түнде болды. Қақтығыс салдарынан полицейлер  жарақат алды.


«Бізге 71 жастағы науқас жеткізілді. Диагнозы – қосарланған ауыр жарақат, бас миы жабық жарақаты, мидың шайқалуы, сол жақ тоқпан жіліктің жабық сынығы, сол жақ сирақ сүйектерінің ашық сынығы, травматикалық шок. Жағдайы ауыр, бірқалыпты, жансақтау бөлімшесінде ем алып жатыр», – деді Алматы қалалық  ЖШКК  ауруханасы  бас дәрігерінің орынбасары ОҢЛАСЫН ИБЕКЕНОВ.


Новости партнеров