Алматы облысында масканы қымбатқа сатқан алыпсатар ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz.
"Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері қымбат медициналық маскалар сатумен айналысқан Алматы облысының Қарасай ауданының тұрғынын ұстады", – деп хабарлады облыстық департаменттің баспасөз қызметі. Оның қолында кәсіпкерлікпен шұғылдануға арналған құжат та болмаған.
"Рейдтік іс-шаралардың нәтижелері бойынша 250 мыңнан астам бетперде тәркіленді. Тәркіленген барлық медициналық маскалар елімізде жарияланған төтенше жағдайға сәйкес дереу Денсаулық сақтау басқармасына өткізілді", - делінген хабарламада.
Алматыда миллиондаған масканы қымбат бағада сатқандар ұсталды
Қарағандыда анықталған коронавирус фактісі бойынша тың мәлімет берілді