Павлодар облысында пойыз келгенше темір жолдан өтпек болған көлік тоқтап қалды

стоп кадр
стоп кадр
Аталған факті бойынша тексеру жүргізілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Аталған факті Шарбақты ауданының полиция бөлімінде тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Рavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

«Әлеуметтік желілерді мониторингілеу кезінде kolesa_pavlodar парақшасында пойыз машинисі шұғыл тежеу  жасауға тура келген видео жарияланды. Себебі, темір жолда автокөлік тұрған. Аталған факті бойынша тексеру жүргізілді. Нәтижесінде полицейлер Шарбақты ауданы Алексеевка ауылының өткелінде 544 км темір жол бойында «Toyota Camri» автокөлігінің жүргізушісі жол жүру ережелерін өрескел бұзып, бағдаршамның тыйым салатын сигналына барғанын анықтады. Жүргізуші жүріп үлгеремін деп ойлаған, алайда дәл сол жерде көлік тоқтап қалған», – деді Павлодар облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Полицияда жүргізуші анықталғанын, ол Шарбақты ауданы ауылының 38 жастағы тұрғыны болып шыққанын атап өтті.

Темір жол өтпесі бағдаршамының тыйым салынған белгісіне өту фактісі бойынша жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 607-бабы 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік іс қозғалып, 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Новости партнеров