ШҚО-да жантүршігерлік жол апатынан бес адам қайтыс болды

tengrinews.kz
tengrinews.kz
Оның ішінде 1 жасар бала болды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін Шығыс Қазақстан облысында жантүршігерлік жол апатынан бес адам, оның ішінде бір жасар бала қаза болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Бүгін түнде Ladа көлігінің 45 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлік аударылып кеткен. Көлік Абай ауданының Қарауыл аулынан Саржал аулына қарай бара жатқан.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізушінің өзі және 39, 36 және 35 жастағы төрт жолаушысы, сондай-ақ бір жарым жасар бала оқиға орнында қаза болды. Тағы бір 35 жастағы жолаушы ауруханаға жеткізілді, онда оған қажетті медициналық көмек көрсетті», – деді Полиция департаментінің өкілдері.

Оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4 бөлігі бойынша ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") соталды тергеу басталды.

«Қылмыстық іс аясында оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, қажетті сот-медициналық сараптамалар жүргізіледі», – деп толықтырды полициядағылар.

Новости партнеров