|
25.01.2019 | 13:15
2930

Әжетханада өз құрдастарын ұрып-соққан жасөспірімдердің кім екені белгілі болды

Әжетханада өз құрдастарын ұрып-соққан жасөспірімдердің кім екені белгілі болды

Сотқа дейінгі тергеу шаралары барысында әжетханада өз құрдастарын ұрып-соғып, осыны видеоға түсірген жасөспірімдердің кім екені белгілі болды, деп хабарлайды Тengrinews.kz ҚР ІІМ ішкі және сыртқы коммуникациялар департаментінің директоры Алмас Садубаевқа сілтеме жасап.

«Оқиға бір жыл бұрын, 2018 жылдың 10 қаңтарында түсірілгені анықталды. Ол кезде оқушылардың ата-анасы полицияға арыз бермеген», - делінген хабарламада.  

Сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 2-бөлігі («бұзақылық») бойынша жүріп жатыр. Бұл бап бойынша айыпталушы 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Таяуда әлеуметтік желілерде дәретханада түсірілген видео таралды. Онда жасөспірімді бірнеше адам соққыға жығып жатады.

Еске салайық, осыдан бірнеше күн бұрын Түркістанда мектеп оқушыларының соққыға жығылғаны түсірілген тағы бір видео таралған еді. Кейінірек полицейлер мектеп оқушыларын ұрып-соққандарды анықтаған болатын.

Түркістанда жедел баспасөз мәслихаты өткізіліп, Түркістан облыстық білім басқармасындағылар осы видеоға қатысты пікір білдірген еді. Олардың сөзіне қарағанда, Түркістандағы үш мектептің - № 31, № 18, № 11 тоғызыншы сынып оқушылары анықталған.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир