Астанада 12-қабат деңгейінде тұрған мұнара кранынан өрт шықты

25.03.2024 18:21

Өртті сөндіруге 8 адам және 2 техника жұмылдырылды

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі


Астанада 12-қабат деңгейінде тұрған мұнара кранынан өрт шықты. Өрт сөндірушілер мұнара кранының өртін жойды. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

-Байқоңыр ауданында жаңа ғимараттың аумағында 12-қабат деңгейінде мұнара кранының кабинасы өртенді. Өрт толығымен сөндірілді. Өрттің ауданы - 1,5 ш. м. Медициналық тексеруден кейін краншы ауруханаға жатқызудан бас тартты, - делінген хабарламада.


Астана қаласы ТЖД 8 адам және 2 техника жұмылдырылды.

Оқи отырыңыз: Көкшетаудағы мектепті су басып қалды