|
12.08.2019 | 13:21
4033

«Көктөбедегі өрт»: Адам өліміне қатысты тергеу жүріп жатыр

Алматы қалалық Полиция департаменті қайтыс болған азаматтың аты-жөнін анықтауда

«Көктөбедегі өрт»: Адам өліміне қатысты тергеу жүріп жатыр Almaty.tv

Көктөбедегі өрттен кейін төтеншеліктер мен полиция қызметкерлері кезекшілік атқарып жатыр. Себебі күн ысыған сайын қураған ағаштар мен шөптер тұтанып кету қаупі бар. Ал, жалын шарпыған аумақтан әлі иіс кетер емес. Дәл қазір өрт болған жерден әріптесім Жадыра Омаржан тікелей студиямен байланысқа қосылуға дайын.

Жадыра, қауіп толық сейілді ме? 

Дәл қазір біз өртке оранған Көктөбе маңында жүрміз. Есте болса, біздің түсірілім тобы оқиға орнынан түнгі 00:00-де арнайы шығарылымға шыққан болатын. Мұнда бүгін жағдай тұрақты. Жол бойы келе жатып, кеше түнімен кезекшілікке тұрған өрт сөндірушілер мен қаптаған арнайы техниканы көз шалмады. Дегенмен, қауіпсіздік үшін Көктөбе тауының маңында 10 шақты маман, тәртіп сақшылары, өрт сөндіретін қос көлік жағдайды бақылауда ұстап тұр. Ал, халық кеше үйлерінен өрт кезінде эвакуацияланған жоқ. Бүгін үйлерді аралап, тұрғындардың түнді қалай өткізгенін сұрадық. Олардың айтуынша, бойларын ешқандайда үрей билемеген. Қасымызда мамандар жүргендіктен уайымдамадық деп отыр.

Айта кетейік, күні кеше Көктөбеде де бір-біріне қатысы жоқ екі алапат өрт дерегі тіркелді. Алдын ала болжам бойынша, қураған ағаш пен шөп жанған. Абырой болғанда, қызыл жалын тұрғын үйлерге жайылмай тұрып, дер кезінде ауыздықталды. Дегенмен, бір адам қаза тапты деген ақпарат бар. Алматы қалалық Полиция департаменті қазір қайтыс болған азаматтың аты-жөні анықталып жатқанын жеткізді. Дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі сараптама тағайындалды. Тек содан кейін марқұмның неден көз жұмғаны белгілі болмақ. Айта кетерлігі, өрттің көлемі үлкен болғандықтан 2 тікұшақ жұмылдырылды.

Рахмет! Студиямен тікелей байланысқа шыққан әріптесім Жадыра Омаржан болатын.



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир