Ішінде 23 жолаушы отырған автобус «Алматы-Өскемен» жолында аударылып қалды

Ішінде 23 жолаушы отырған автобус «Алматы-Өскемен» жолында аударылып қалды
«Алматы-Өскемен» тас жолында апат болып, 4 адам зардап шекті. Аударылған автобуста барлығы 23 жолаушы болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Алматы-Өскемен» тас жолының 812-ші километрінде жолаушылар автобусы аударылып қалды, деп хабарлайды Sputnik.

Жол апаты бүгін сағат 06.20 шамасында Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданы Айғыржал ауылы маңында болған.

«Белгілі болғандай, автобус жүргізушісі жолда ұйықтап кетіп, салдарынан көлік аударылып қалады. Автобуста 23 жолаушы отырған, оның ішінде 14-і Моңғолия азаматы, сондай-ақ екі жүргізуші болған. Жол апатынан 4 адам зардап шекті», деп хабарлады индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Автобустың соңғы рет техникалық тексерістен биылғы жылдың мамыр айында өткені анықталды. 

Қазіргі уақытта жол апаты болған жерде арнайы белгілер орнатылды. Оқиға орнында полицейлер мен «К-Дорстрой» АҚ өкілдері жұмыс жасап жатыр.

Новости партнеров