Парамен ұсталған Алматы-1 стансасының басшысына 18 миллион теңгеге жуық айыппұл салынды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің хабарлауынша сот отырысы 4 қыркүйек күні Алматыда өткен, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Қазақстан Теміржолы Жүк тасымалы» Акционерлік қоғамына қарайтын, Алматы-1 стансасының бастығы Құлжабаев пара алғаны үшін кінәлі деп танылған.
Айыпталушы Құлжабаев Қытай Халық Республикасының меншік иелеріне бос контейнерлерді қайтару және кедергісіз тексеру үшін коммерциялық кәсіпорын өкілдерінен делдал арқылы 500 мың теңге көлемінде пара алған.
Ары бері ағылған контейнерлердің қожайындарынан ақша тауып қалуды ойлаған парақор, енді 17 миллион 800 мың теңге төлеуі тиіс. Сондай-ақ, сот Құлжабаевты мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан біржола айырды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
09.11.2026 17:15
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
09.11.2026 12:50
8 қарашаға арналған валюта бағамы
08.11.2026 09:00
Көзі көрмейтін мас жүргізуші тасжолмен 240 шақырым жүріп өткен
08.11.2026 11:33
Қарызды төлей алмасаңыз, берешекті реттеудің қандай жолдары бар
08.11.2026 12:39