|
08.08.2019 | 17:41
3120

11 миллион қазақстандықтың жеке ақпараты ОСК базасынан таралып кеткен

Орталық сайлау комиссиясының базасы жарты жыл бойы ашық тұрған

11 миллион қазақстандықтың жеке ақпараты ОСК базасынан таралып кеткен

Бұл туралы кибершабуылды зерттеу орталығының мамандары мәлімдеді. Азаматтардың деректерін желіге ашық тастай салғандарды қазір ішкі істер министрлігі анықтап жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  

«Ақпараттар еліміздің орталық сайлау комиссиясынан таралып кеткен. Бірер күн бұрын біз ішкі істер министрлігінен осыған байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталғаны туралы хат келді», – деді Кибершабуылды зерттеу орталығының директоры Арман ӘБДІРАСЫЛОВ.

Еске сала кетейік, 11 миллион тұрғынның жеке деректерінің таралып кеткені туралы ақпарат 5 шілде күні шыққан болатын. Яғни, орталық сайлау комиссиясының базасы жарты жыл бойы ашық тұрған. Кез келген адам онда кіріп, керек азаматтардың жеке сәйкестендіру нөмірін, аты-жөнін, тұрғылықты мекен-жайын және жеке куәліктің нөмірін компьютеріне сақтап алуына мүмкіндік болған.  

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир