Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті Тұран даңғылы бойындағы үйдің маңында мұнаралы кранның құлауынан жұмысшы көз жұмғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 277-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды (Құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу, абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет). Осы бағытта тиісті сраптама тағайындалып, тергеу амалдары жүріп жатыр»,- делінген департамент таратқан хабарламада.
Әкімдік тапсырмасы бойынша тиісті комиссия құрылмақ. Оның құрамында ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі салалық комитетінің өкілдері мен басқа да өкілетті мемлекеттік органдардың мамандары болады. Комиссия техникалық талаптарға сай келмейтін мұнаралы крандарды тексереді.